Sailau banner

Қоғам

Имантау ауылында жаңа көпір салынып жатыр

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:

– Біз қазір Айыртау ауданына қарасты Имантау ауылында тұрмыз. Елді мекенде абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі – көріп тұрғандарыныздай, облыстық маңызы бар көпір салынуда. Нысан 70-ші жылы қолданысқа беріліпті. Содан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Шаруаны “Строй-Инженер.KZ” серіктестігі атқаруда. Маңызды іс мамыр айында бастау алған. Білікті мамандар барлық жұмысты қыркүйек айының соныңда аяқтауды жоспарлап отыр. Көпір Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарын қосатын “Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл” автомобиль жолының 142-ші шақырымында орналасқан. Нысан Жыланды өзенінің үстінде тұрғызылуда.

ВИКТОР КАЗЕННОВ, жоба жетекшісі:

– Қолайсыз ауа райының салдарынан біршама уақыт жоғалттық. Біз келмей тұрып көпір апаттық жағдайда болды. Жұмыс таңғы 8-де басталады. Кешкі 7-ге дейін істейміз. Қажет материалдарды Астанадан және Омбыдан әкеліп жатырмыз. Іс кесте бойынша жүріп жатыр. Шаруаның 40-50 пайызы тындырылды.

Мамандар 2 топқа бөлініп тер төгуде. Біреулері жаңа көпірдің өзін салып жатса, енді бірі нысанға дейінгі жолға асфальт төсеуде. Көпірдің ұзындығы 33 метр болмақ. Бұл бұрынғысынан ұзынырақ.

ВИКТОР КАЗЕННОВ, жоба жетекшісі:

– Атқарылған жұмысқа 5 жыл кепілдік береміз. Барлығын сапалы істеудеміз. Бригадамызда 14 адам мен 5 техника бар. Өзім асфальттің қалыңдығы мен енін бақылап жүрмін. Матерал көп не аз болмауы керек. Мұнда сарапшылар келіп атқарылған істің сапасын үнемі бақылап отырады. Осы күнге дейін бірде-бір олқылық анықталмады. Бәрін нормаға сай істейміз.

Имантау – аудандағы шоқтығы биік елді мекен. Ауылда 2200-ден астам адам тұрады. Елді мекен тұрғындарының көбі гүл өсіру кәсібімен айналысады екен.

БАҚЫТЖАН ЖАНТІЛЕУОВ, Имантау ауылдық округінің әкімі, Айыртау ауданы:

– Ауылда 4 серіктестік жұмыс істейді. Қазіргі таңда тұрғындарды су мәселесі алаңдатып отыр. Осыны қолға алдық. Биылғы жылы ақша бөлінеді. Ауқымды іс ендігі жылы басталады.

 

Нұрасыл Ахмет