Sailau banner

ТКШ

Жылыту маусымына дайындық

Облыс орталығында 1200-ден астам көппәтерлі үй бар. Көпқабатты баспаналарда қазір жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Яғни нысандағы жылыту жүйесі жуылып-шайылып, бүтіндігі қысыммен тексеріледі. Әзірге, ешқайсысына дайындық құжаты берілмеген. Сондай-ақ, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Нина Усенконың айтуынша, биыл жылыту жүйесіне жаңа үй қосылмаған.

НИНА УСЕНКО, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Петропавл қаласында жылыту орталығына 1170 үй қосылған. Бүгінде оның 759-ында тексеру жұмыстары жүргізілді. Олардың 201-і көппәтерлі үйлер болса, 148-і – жер үй. Тұрғындардан жуып-шаю жұмыстары жүріп жатқан сәтте үйде болуларын сұраймыз. Себебі, жұмысты қадағалау – сіздердің міндеттеріңіз болып табылады.

 

Мәдина Қаби