Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО-да 200 тонна бидай ұрлаған екі адам ұсталды

Тимирязев ауданында астық ұрлау фактісі тіркелді. Оқиға маусым айының басында орын алған. Екі азамат кәсіпорын қоймасының құлпын бұзып, ішіне «КамАЗ»-бен кірген. Олар 200 тонна бидай ұрлаған. Шығын көлемі 32 млн теңгені құрайды. Аудандық тәртіп сақшыларына серіктестік директоры жүгінген. Полицейлер облыстық криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірігіп, қылмыстың бетін ашыпты. Білікті мамандар күдікті ретінде 82 және 85 жылғы адамдарды ұстаған.

МАДИЯР ХАРИПОВ – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

– СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық әріптестерімен бірлесіп күдіктілерді ұстады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстары дәлелденсе, 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осы ретте тәртіп сақшылары кәсіпкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр. Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендетеді.

 

 

Нұрасыл Ахмет