Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Прокурорлар мемлекеттік сатып алу кезінде азық-түлік бағасын көтермелеу фактілерін анықтады

Петропавл қаласының прокуратурасы кезекті бұзушылықты жария етті! Мамандар білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны көтермелеу фактілерін анықтады. Мысалы, жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмық жармасының келісін 700 теңгеден сатқан. Ал орташа баға 330 теңгені құрапты. Сондай-ақ, картоп, сары май, күнбағыс майы, қант және т.б. көтерілген бағамен сатып алынған. Қалыптасқан тәжірибенің жолын кесу және бюджет қаражатын ұтымсыз пайдалануды болдырмау мақсатында прокуратура заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізді. Қазынадағы 30 млн теңге үнемделді.

 

Байболат Құлтанов