Sailau banner

Қоғам

5 тамыз – Медиация күні

5 тамыз – Медиация күні. Бүгін осыған орай Достық үйінде іс-шара өтті. Жиынға білім басқармасының өкілдері, ассамблея қызметкерлері және қоғам белсенділері қатысты. Өңірде медиация институты бар екенін біреу білсе, біреу білмес. Бұл – батыстан келген жаңашылдық. Ұйымның басты мақсаты -азаматтар арасындағы туындаған дау мен түсінісбеушілікті сотқа жеткізбей шешу.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, кәсіби медиатор:

– Дәл осы уақытта елімізде медиация институты жақсы дамып келе жатыр. Ұйым ҚХА-да 2016 жылдан бастап дамыды. Тұңғыш рет осы кабинетті мен басқарған едім. Облыстық ҚХА қазіргі уақытта этносаралық қатынастарды дамыту үшін, жаңа бағытта этномедиацияны дамытып жатыр.

Медиация – татуластыру рәсімі. Оның қоғамда атқарып жатқан еңбегі зор. Мәселен, биылғы жылы медиаторлар ажырасу алдында тұрған 100-ге жуық ерлі-зайыптыны татуластырған.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, кәсіби медиатор:

– Қазақстан – ажырасудан алғашқы орында. Жас отбасыларға айтарым, егер қатты жанжалдасып қалсаңыздар, сотқа жүгінбей, жүректеріңізді тыңдаңыздар.

Елімізде “Медиация” туралы заң осыдан 14 жыл бұрын қабылданыпты. Іс-шара соңында білікті мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасып, осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарын қорытындылады.

 

Анель Шаяхметова