Sailau banner

Қоғам

Тасқын кезінде көмек берген мұғалім

Қазір «Заречный» кентіндегі көрініс көз сүйсіндіреді. Айнала тасқын кезіндегіге қарағанда тазарған, аумақты жасыл желек басқан. Тұрғындар қалыпты өмірге оралды. Бұған қуанбасақ болмайды. Қиын-қыстау шақты Надежда Галямина күрсіне еске алады. №13 орта мектебі директорының орынбасары – табиғи апатқа қарсы тұрған жерлесіміздің бірі. Ол алдыңғы қатарда болды, көмек қолын созды.

НАДЕЖДА ГАЛЯМИНА, №13 орта мектебі директорының орынбасары:

– Өзім осы «Заречный» кентінде тұрамын. Орын алған жағдайға бейжай қала алмадым. Бар үлесімізді қосып, гуманитарлық көмек көрсету үшін арнайы тізім жасадық. Қарттарға көбірек көңіл бөлінді. Олар өз ризашылықтарын білдірді.

Надежда Галямина тасқын кезінде ит-мысыққа қатты алаңдапты. Тамақ пісірген, арнайы емханаларға барып, қалдық жинаған. Дайындалғанның бәрі кенттегі төртаяқтыларға беріліпті. “Өзімізді ойлауға мүлде уақыт болмады”,- дейді белсенді жерлесіміз.

НАДЕЖДА ГАЛЯМИНА, №13 орта мектебі директорының орынбасары:

– Үйімізге су айтарлықтай кірмеді. Қауіп бұлты төнген кезде қалаға көштік. Әрине, қиыншылық болды. Қорықтық, өзгелер үшін алаңдадық. Тасқыннан кез келген жанның зәресі қашары анық. Жұмылғанның арқасында бұл сынақтан да сүрінбей өттік.

Мейірімді жанның еңбегі назарсыз қалмады. Ол қаламыздың туған күнінде облыс әкімінен Алғыс хат алды.

 

Анель Шаяхметова