Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Қоқыспен күрес

Петропавлда учаскелік инспекторлар мен коммуналдық қызметкерлер бірлесіп рейдке шықты. Мақсат – қоқыспен күрес, абаттандыру ережесін білмеген адамға ережені түсіндіру. Мамандар Кирпичный тұрғындарымен кездесті.

ДЕНИС СОЛОХА, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Петропавл қаласы аумағында абаттандыру ережелерінің бұзылуы жиі тіркеледі. Қала тұрғындары қоқысты белгіленбеген жерге тастайды, жәшігіне салмай, қасына лақтыра салады. Кейбір жерде арнайы жәшік жетіспеуі мүмкін. Сол себепті, рейд барысында «Коммунхоз» серіктестігінің қызметкерлері азаматтарға қоқыс шығаруға келісімшарт жасауды ұсынып жатыр.

Нәтижесінде бір жарым сағаттың ішінде шағын аудан тұрғындары қоқыс шығару қызметін алу туралы 5 өтінім жазған. Жалпы, қалада биыл абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты 3 жарым мыңға жуық факті тіркелген. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабына айыпты адамға әуелі ескерту беріледі немесе 20, одан ары қарай 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

 

Данаш Хамза