Sailau banner

Қоғам

Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығы ашылды

Облыс орталығында арнайы ақпараттық кеңес беру орталығы ашылды. Басты мақсат – теріскейге қоныс аударғысы келетін жандарға кеңес беріп, көші-қон процесі жайлы түсіндіру.

ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ төрағасы:

– Жалпы, теріскейге Шымкент және Түркістан аймақтарынан адамдар көп келеді. Қандастар біздің облыстан басқа Ұлытау, Павлодар және Қостанай өңірлеріне бара алады. Биылғы жылы ең көп квота бізге бөлінді.

Орталық қызметкерлері жүгінген адамға 6 ай бойы көмек көрсетеді. Ұжымда барлығы – 7 адам бар. Білікті мамандар жақында ғана Шымкент қаласына барыпты. Шырайлы шаһардағы адамдармен тілдесіп, солтүстікке көшуге ниетті жандарға бар жағдай жасалғанын айтқан.

ӘНУАР ТОҚПАНОВ, “Рух Тіл Жаңғыру” ҚБ төрағасы:

– СҚО бойынша қандастар мен қоныс аударушыларға 2900-дей квота бөлінді. Оның 1400-і біздің аймаққа келді. Шымкент қаласына барған сапарымызда 40 адаммен сөйлестік. Оның 14-і біздің өңірге көшіп келуге ниет білдіріп отыр.

Жалпы айта кетсек, қоныс аударған отбасылардың әр мүшесіне шығындарын өтеу үшін 260 мың теңге төленеді. Ал тұрғын үйді жалға алып жатса, оларға ай сайын 110 мың теңге беріледі. Онтүстіктен көшіп келген жанның бірі – Тастан Уалиханұлы. Теріскейге келгеніне 3 жылдан асыпты. Жақын арада туыстарын қарсы алатын ол, орталықтың мүмкіншілігін білуге келіпті.

ТАСТАН УӘЛИХАНҰЛЫ, Қызылжар ауданының тұрғыны:

– Қызылжар ауданы Подгорное ауылында тарих мұғалім болып жұмыс істеймін. Бізде мұғалімдер өте көп. Сондықтан, жұмыс жоқ. Сіздердің өңірге “Еңбек” бағдарламасы арқылы көшіп келдім.

Орталық қызметкерлері аудандарға барып та қызмет көрсетеді. Білікті мамандар тамыздың 7-сі күні Есіл және Шал ақын аудандарына бармақ.

 

Нұрасыл Ахмет