Sailau banner

Қоғам

“Батанов” ЖК мехбридагасына қос ауылда 5 үй сеніп тапсырылған

Бұл – Ходыколардың үйін жарты ғасыр жылытқан пеш. Ошақ тасқын кезінде оңған жоқ. Пеш түгілі үйдің өзін толқын соғып, су сіңіп, біраз залалын келтірген. Қазір бұның бәрін бескөлдік “Батанов” деген жеке кәсіпкерліктің мехбригадасы дұрыстап жатыр. Дұрысталған дүние көп. “Көз қорқақ – қол батыр” демекші, ер азаматтар 15 күннің таудай жұмыстың жартысынан астамын тындырған.

ГУМАР БАТАНОВ, “Батанов” ЖК мехбригадасының бригадирі:

– Қабырғалардың барлығын майладық, едендерін ауыстырдық. Бригадамызда 5 үй бар. Жұмыстың 60 пайызын аяқтадық. 10 шақты адам жұмысқа жұмылдырылды. Біздің ұжымға 5 үй берілді. Тепличное ауылынан – 3 үй, Прибрежное ауылынан – 2-еу.

Қамыстан жасалса да қоштаса алмадық дейді үй иелері. Өйткені, ескі баспананы жөндеу қиынға соғады депті бағалаушылар. Ата-аналарынан мұра болып қалған шаңырақты көздерінің қарашығындай сақтап жүрген ерлі-зайыпты осындай тұра беруді жөн көрген. Бүкіл жиһаздан да айырылған. “Қазір мемлекеттің қолдауымен жаңа өмір бастап жатырмыз”, дейді Любовь Менщикова.

ЛЮБОВЬ МЕНЬЩИКОВА, Тепличное ауылының тұрғыны:

– Күйеуім осы үйде туып-өскен. Өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған баспанадан қалай бас тартасың? Жөндеу жұмысы 4 млн теңгеге бағаланды. Мехбригаданың көмегіне жүгінуді жөн көрдік. Өкінбейміз. Қазір үй жаңарып, нығая түскендей. Жігіттер де өз жұмысына жауапты екен. Олар болмаса мұндай жұмысты істеуді өзіміздің қолымыздан келмес еді.

Батановтық мехбригада оларға берілген үйлердің 3-еуін тамыздың ортасына дейін тапсырады. Қалған екеуін қыркүйектің 1-іне дейін өткізуді жоспарлап отыр.

 

Мәдина Қаби