Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Айыртаулық серіктестік шөп шабу науқанын бір аптаның ішінде аяқтамақ

Қыстын қамын жазда ойла. Қазіргі таңда Айыртау ауданындағы “Аманат жер 2020” серіктестігінде шөп шабу науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қажеттілік – 400 тонна. Жұмыс ауа райының қолайсыздығының кесірінен кеш басталыпты. Бірақ, білікті мамандар 3 күннің ішінде істің 30 пайызын аяқтаған.

ВИТАЛИЙ СМАЛЬЩЕНКО, “Аманат Жер 2020” ЖШС директорының орынбасары, Айыртау ауданы:

– Биылғы шөп жақсы. Біз қазір судан шөбі өсіп тұрған алқаптамыз. Аумағы 600 гектарды құрайды. Әзірге, 200 гектарын орын алдық. Шабылған шөпті жұмысшыларға арзан бағамен береміз. Ал ауыл зейнеткерлеріне 10 орамадан тегін таратамыз.

Жалпы, шаруашылық 17 мың гектар аумаққа дән сіңірген. Серіктестік алқаптарында дәнді, дәндібұршақты және майлы дақылдар өсірілуде.

ВИТАЛИЙ СМАЛЬЩЕНКО, “Аманат жер 2020” ЖШС директорының орынбасары, Айыртау ауданы:

– Мал азығының сапасына көңілім толады. Былтырғы жылға қарағанда әлдеқайда жақсы. Арнайы егілген жоңышқа мен бидай шөбі буыны қатқан, бойындағы дәрумені жойылмаған күйінде атжалға түсірілді. Шөп шабу науқанын бір аптаның ішінде аяқтап, тамыздың 15-і күні егін оруға кіріспекшіміз.

Бүгінде шөп шабу науқанына 8 механизатор тартылыпты. Соның бірі – Әуелбек Бадымов. Білікті маманмен тілдесіп көрдік. Оның осы серіктестікте еңбек етіп келе жатқанына 5 жылдан асыпты.

ӘУЕЛБЕК БАДЫМОВ, “Аманат жер 2020” ЖШС механизаторы, Айыртау ауданы:

– Барлық жағдай жасалған. Жалақысы тұрақты. Сол үшін осы жерден алшақ орналасқан Ақан сері ауылынан келіп отырмын.

Жалпы, агроқұрылымда 160-тан астам адам еңбек етеді. Серіктестікте 50-ге жуық техника бар. Білікті мамандар биыл рекордты көлемде өнім алуды жоспарлап отыр.

 

Данаш Хамза