Sailau banner

МТРА жаңалықтары

Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы алуда

Жағымды жаңалық! Тасқыннан зардап шеккен теріскейлік кәсіпкерлер өтемақы ала бастады. Өңірге республикалық бюджеттен алғашқы транш 23 шілдеде түсті. Бұл туралы жергілікті кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин мәлім етті. Нақтыланған мәліметтер бойынша аққайыңдар өлкесінде табиғи апат 140 іскер жанға залал келтірген. Бұлар – облыстық комиссияға шығынды өтеу туралы өтініш білдіргендер немесе өтініш білдіруге ниетті адамдар.

ЕСЖАН ОРАЗАЛИН, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Бүгінгі таңда жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын 99 өтінішті қарадық. Нәтижесінде шығын көлемі 900 млн теңгеге жуықтайтын 41 өтініш мақұлданды. Қалғандары құжаттардың толық болмауына байланысты комиссиямен қабылданбады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы субъектілерінен де өтініштер түсті. Оларды басқа комиссия қарайды. 23 шілдеде облысымызға 9 кәсіпкердің өтініші бойынша 90 млн теңге көлеміндегі бірінші транш түсті. Ақша зардап шеккендердің есепшотына аударылды.

 

Байболат Құлтанов