Sailau banner

Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері көрші елдердегі әріптестеріне 24 қылмыскерді ұстап берді

Соңғы үш айда өңірде шетелден келген азаматтар 24 бірдей қылмыстық әрекетке барған. Мысалы, Омбы және Қорған облысының екі тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысқан. Ал кейбірі шекараны заңсыз кесіп өткен. Сол үшін іздеуде болыпты. Олардың барлық қылмысын жергілікті полицейлер әшкерелеп, шекара сыртындағы әріптестеріне тапсырған. Тізіп айтатын болсақ, Ресей Федерациясына – 21, Арменияға – 1-еу, Өзбекстанға 2 қылмыскер жіберілген. Оларға жаза сол мемлекеттің заңы бойынша тағайындалады. Өз кезегінде ТМД елдерінің ішкі істер органдары солтүстікқазақстандық полицейлеге 1 қылмыскерді ұстап берді. Ол есірткі қылмысы үшін іздеуде болыпты.

 

Мәдина Қаби