Sailau banner

Денсаулық сақтау

Петропавлда “Денсаулық” акциясы өтуде

Петропавлда “Денсаулық” акциясы өтуде. Бұл – емханаға баруға уақыт таппай жүрген жандар үшін өте тиімді шара. Ұйымдастырушылар халық көп жүретін орталықтарда жұртшылықпен тілдесіп жатыр.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Қордың бастасымен үш күннен бері “Денсаулық” акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл шараның мақсаты – халықты өз мәртебелерін тексеруге үйрету, адамдарға ақпарат беру, төлем жасауды түсіндіру.

Акцияға №1 емхана қызметкерлері арнайы шақырылған. Олар тұрғындардың шағымын тыңдап, медициналық көмек көрсетеді. Барлығы тегін жасалады.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Олар қан қысымын, қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексереді. Мұнда салмақты да өлшеуге болады.

Қорытынды қас қағым уақытта шығады. Тұрғындардың уақыты үнемделді. Бұл акциямен мейлінше көп адамды қамту көзделіп отыр. Ертең ұйымдастырушылар жерлестерімізбен кездесу орнын ауыстырады.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Мұндай акциялар өтіп тұруы тиіс. Халықтан сұраныс бар. Ертең жұртшылықты “City Mal” орталығына шақырамыз. Акция 14:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі.

Сонымен қатар, акция барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың жергілікті өкілдері келушілерге жаднама қағаздар таратады. Онда бірқатар маңызды дерек жазылған.