Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Мейірімділікке шақырған шара

Полиция қызметкерлері тұрғындарға жүрек пішіндес тәтті тоқаш таратты. Мейірімділікке шақырған шара әлем бойынша атап өтілетін Адам саудасына қарсы күрес күніне орайластырылған.

ЕРБОЛАТ СЕРҒАЛИЕВ, СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі:

– Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы осы датаға орайластырылған іс-шаралар өткізуде. Іс-шараның мақсаты – халықты ақпараттандыру. Біздің мақсатымыз – адамдарды ескерту, оларға алданып қалмау туралы айту. Бұл қағида барлығымызға бірдей. Ол туралы осы ақпараттық буклеттерде жазылған, олар көбейтілген және бүгін Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарына таратылады. Сонымен қатар, “Көгілдір жүрекше” түріндегі кішігірім тәттілерді тарата отырып, біз адам саудасына қарсы күресте бірге екенімізді көрсетеміз. Қоса айтарым, қазіргі уақытта адам саудасына қарсы күрес заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілуде. Шаралар қатаңдатылуда. Олар 5-ші қыркүйекте заңды күшіне енеді.

Акция барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сауда үйлерінің бірінде адамдарға ақпараттық буклеттер мен жаднамалар таратты. Онда адам саудасына маманданған қылмыскерлердің мақсаты, әдістері мен тәсілдері туралы тезистер және осы қылмыс түрінің құрбаны болмаудың жолдары жазылған.

ЛЮБОВЬ БЕССОНОВА, Әйелдерді қолдау орталығының психологы:

– Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Оның негізгі бағыттарының бірі – адам саудасына қарсы әрекет ету. Біз оңалту қызметтерін көрсетеміз, адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жаңа заң қабылдау тобында жұмыс істейміз. Іс-шараны мақсатты топтар үшін өткізіп жатырмыз.

Полиция қызметкерлері адам саудасына тап болған жағдайда «102» нөміріне немесе «116 16» сенім телефонына хабарласу қажеттігін еске салады.

 

Данаш Хамза