Sailau banner

Спорт

Десантшылар мен теміржолшылар триатлоннан сынға түсті

Ағымдаға аптада атаулы қос дата бар. 2 тамыз – Әуе десанты әскері күні, ал тамыздың алғашқы жексенбісі – Теміржолшылар күні. Осыған орай Петропавлда ерекше шара ұйымдастырылды.

Ерекше деп бекерге айтпаймыз ғой. Қос мереке қарсаңында бір топ адам Пестрое көліне түсті. Мұнда триатлоннан сайыс өтіп жатыр. Қатысушылар – әуе-десанттық әскерлерінің ардагерлері, жалпы әскерде болған азаматтар мен теміржолшылар.

МАРАТ ЖАҚСЫБАЕВ, шараны ұйымдастырушы:

– Осы іс-шара жыл сайын өткізілуде. Бізден 10 шақты адам қатысады. Бұл жарыс емес, өзіміздің десанттардың әскерлеріне бағытталған шаралар. Арамызда өте көп ардагерлер бар.

Еліміздің десанты да, теміржолшылары да осал емес. Триатлоншылар Пестрое көлінде жоғары жылдамдықпен жүзіп келеді. Судан бірінші болып Виталий Пенкин шықты. Жауырыны қақпақтай, иықтары тоқпақтай азамат қарсыластарын анадайда қалдырды.

ВИТАЛИЙ ПЕНКИН, триатлонға қатысушы:

– Жүзу – оңай спорт түрі емес. Оған күнде дайындық керек, осы іс-шараға қатысу үшін өзім 2 аптадай жаттықтым. Соның арқасында 1760 метрді 24 минутта-ақ жүзіп өттім. Қазір топпен бірге жүгіруге шығамыз, біздің ең басты мақсатымыз осы іс шара арқылы – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жарысқа қатысушы триатлоншылардың арасында бір нәзікжанды бар. Татьяна Капшицкене – Оңтүстік-Орал теміржолының еріктісі. Спортқа бала күннен жақын жерлесіміз бүгін қатарға қосылып, өзін сынап көруді жөн деп тауыпты.

ТАТЬЯНА КАПШИЦКЕНЕ, Оңтүстік-Орал теміржолының еріктісі:

– Веложарысқа 10-ға жуық адам қатысып жатырмыз. Келесі жылы осы іс-шара бұдан да ауқымды және қатысушылары да көбірек болады деген үміттемін.

Сайыс соңында үздіктер марапатталды. Ұйымдастырушылар судағы жарысты жыл сайын өткізбек ойда.