Sailau banner

Қоғам

Челябі-Новосібір бағытындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

М.Жұмабаев ауданымен өтетін Челябіге-Новосібір бағытындағы республикалық жолға орташа жөндеу жүргізілді. Қарақоға мен Чистое ауылдары аралығындағы 14 шақырым аралыққа асфальт төселді, жолдың жиегі дұрысталды және тиісті жол белгілері орнатылған. Барлығы – мұндай 30 белгі қойылыпты. Мердігер – “Дорожник Ашық Аспан” серіктестігі. Жол жөндеуге 1 млрд теңге жұмсалған.
Тиісті тексеру өткізіліп, жол пайдалануға берілді.

ГАЛИНА НАГОРНАЯ, «NURLY SAPA KZ» ЖШС бас сарапшысы:

– Біз жұмыстың дұрыс жүргізілуін қадағалап отырдық. Технологиялық тұрғыда пайдаланылған материалдың сапасы да таразыланды. Қалыңдығы 5 см-лік асфаль төселді. Оның астында тиісті қабаттары да бар.

НИЯЗ САДЫҚОВ, «ҚАЖсервис» ЖШС СҚОФ директорының орынбасары:

– Алдағы уақытта бұл жол учаскесі «ҚAЖсервис» серіктестігінің күтіп-ұстауына берілмек. Бұл жолдан 35 сынама алынып, техникалық құжаттаманың сәйкестігі тексерілді. Негізі, барлығы дұрыс. Бір олқылық анықталды. Оны мердігер түзеді.

 

Мәдина Қаби