Sailau banner

Спорт

Петропавлда қазақ күресінен республикалық турнир бастау алды

Бейбіт күннің батырлары. Облыс орталығында жұмыс барысында қаза тапқан азаматтық қорғаныс қызметкерлерін еске алу турнирі бастау алды. Республикалық жарыс Александр Винокуров атындағы спорт сарайында қазақ күресінен ұйымдастырылды. Оған 14 облыстан келген 100-ге жуық бозкілем шебері қатысып жатыр. Арасында спортшы құтқарушылар мен полицейлер де бар. Мағжан Қайырымденов Ақмола облысынан келіп отыр. Күреспен 4 жыл айналысады. 4 жылдың ішінде талай додаға қатысқан.

МАҒЖАН ҚАЙЫРЫМДЕНОВ, жарысқа қатысушы, Ақмола облысы:

– Өзім Ақмола облыстық полиция департаментінің намысын қорғап келіп отырмын. Жартылай финалда сәл тәжірибе жетпеді. Бүгін тырысамыз. Мақсатым – күрестен ел чемпионы атану.

Дүбірлі дода осымен 2-ші ұйымдастырылуда. Келген спортшылардың барлығы жүлдегерлер санатынан көрінуге үмітті. Спортшы-құтқарушы Қанат Өмірзақ өткен жылы осы жарыста 2-ші орын иеленген екен. Биыл да жақсы дайындықпен келіпті, бірақ бірінші кездесуде ұтылып қалды.

ҚАНАТ ӨМІРЗАҚ, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Өзіміздің департаментіміздің жарысқа шығып жатырмын. 100 келі салмағында күресемін. “Қызылжар Арландары” спорт клубының мүшесімін. Жарысқа 2-ші рет қатысып жатырмын.”Өткен жылы осы салмақта 2-ші орын алғанмын. Қазақ күресімен оқушы кезімнен бастап айналысамын. Ауылда көп күрескенбіз. Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылының тумасымын. Сол жақта бастағанмын күресті.

Дүбірлі дода ертең мәресіне жетеді. Жеңімпаздар арнайы ақшалай сыйақымен және дипломдармен марапатталады.