Sailau banner

Спорт

Петропавлда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

Облыс орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Құрылыс “Береке” шағын ауданында жүріп жатыр. Жақында жұмыс барысымен аманаттық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері танысты. Кешеннің құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде жоспар 85 пайызға орындалған. Қазіргі уақытта мұнда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мердігер – “Альфа-Север” серіктестігі. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені биыл қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Мұнда бокс, күрес және тағы басқа да спорт түрлерінен бірнеше жаттығу залы болады.

 

Мәдина Қаби