Sailau banner

Қоғам

ХҚКО-лар дайын құжаттарды жеткізіп береді

Қала тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды жеткізу жобасы іске асырылды. Бұл туралы мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады. Енді клиенттерге құжаттарды алу үшін орталықтарға барудың қажеті жоқ, оларды курьер ыңғайлы уақытта және қажетті мекен-жай бойынша әкеліп береді. Айта кетейік, сервис танымал мемлекеттік қызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді. Құжаттардың ішінде мұрағаттық анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, әскери билеттер мен олардың телнұсқаларын, есірткі және психдиспансерден, неке қию және бұзу туралы анықтамаларды беру және басқалар бар.
Жеткізу процесі барлығына қолжетімді. Клиент дайын құжаттарды express.gov4c.kz. портал арқылы жеткізуді ресімдеу ұсынысымен “1414” қызметінен SMS алады. Жеткізуге өтінімді ресімдеу кезінде клиентке сауалнамалық деректерді толтыру, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсету қажет. Содан кейін құжаттарды жеткізу үшін төлем жасау керек.

 

Байболат Құлтанов