Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мамлют ауданына барды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мамлют ауданының 8 елді мекенінде жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы барған алғашқы нысан Мамлют қаласындағы Қазандық. Қазандық 2016 жылы салынған.Оған 3 әкімшілік нысан мен 2 көпқабатты тұрғын үй қосылған.

– Мы должны не только эту котельную, мы все 63 котельные, которые сегодня есть по городу по району, мы должны все обеспечить работой, ремонтом, чтобы они были к отопительному сезону. Кроме этой котельной, кроме этого бийского котла еще есть проблемы? – Спасибо, благодаря вашей поддержке мы в этом году, деньги по последней сессии маслихата выделены, будем осуществлять вынос котлов в районном ДК. Модульную котельную будем приобретать, потому что на цоколе находились котельные в районном ДК и в Воскресеновском ДК.

Сонымен қатар Мамлют каласында дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысанның құрылысына 872,2 млн қаражат бөлінген. Кешенді келесі жылы тапсыру жоспарланған.

– Деньги выделены 24 млн. Здесь будет подготовка, искусственный газон, прям внутри площадки, здесь будет брусчаточное покрытие. – Хорошо. Газон будет в летний период, а в зимний период что будет. – В зимний период лед будет заливаться. – А вот на газон, заливается? Это его не испортит? – Нет, мы уже так делали. – Хорошо, надо сделать чтобы оно многофункциональное было, т. е. в круглогодичном режим оно могло работать.

Облыс әкімі «Agrimer Mamlutka» ЖШС жұмысымен де танысты. Серіктестік 1994 жылдан бері ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда шаруашылық 150-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

АНАТОЛИЙ ШРАМКО, «Agrimer Mamlutka» ЖШС директоры:

– Біздегі диірменнің бірінің Қазақстанда теңдесі жоқ деп айта аламын. 6 кептіру орыны бар. Кептіру орындарының өнімділігі де жоғары. Неге дейсіз ғой. Өйткені бізде барлығы дәстүрлі. Мысалы Қостанайда кепкен нан, ал бізде ылғал көп. Қандай механизмді алсақ та олардың өнімділігі кептіру құрылғысына байланысты. Ең бастысы бізді уақытылы дизелдік отынмен қамтамасыз етсе болғаны.

Одан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов республикалық Челәбі-Новосібір тасжолынынң жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталған жолды жөндеуге 9,9 млрд теңге қаражат бөлінген.

ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, «Казавтожол» АҚ СҚОФ директорының міндетін атқарушы:

– Бұл учаскеде Астана қаласының «КазСтройТехник» бас мердігер компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар 23-24 жылдарға жоспарланған. Бірінші учаске биыл қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Екінші учаске 14 км қалады. Оның 3,5 км асфальтбетон болады. Алдағы уақытта жолды ашып, көлік жүрісін тоқтатпаймыз деп отырмыз.

Облыс әкімі Мамлют ауданына қарасты Белое ауылында орналасқан «Кулик» ЖШС-де де болды. Серіктестік 2001 жылы құрылған. Қазіргі таңда егістік аумағы 9842 гектарды құрайды. Сонымен қатар 676 ірі қара өсірумен айналысады.

– Это сенозаготовка этого года? – Да, этого, мы уже 2/3 сделали и у нас почти 200 гектаров осталось. – А сколько вообще у вас необходимо заготавливать? – 3000 рулонов таких, заготовили 2/3. Ну, по этому году полторагодичный запас надо заготовить.

Щучье ауылында «Белое-Агро» ЖШС-і жұмысшыларына екі үй тұрғызылған. Тағы да үш үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 100 млн теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар серіктестік басшысы бұрыңғы мектеп ғимаратын жөндеп, демалыс орталығын тұрғызып жатыр. Жоба құны 80 млн.теңге. Орталықта демалыс орыны, асхана, дүкен, кітапхана және спорт нысаны болады деп жоспарланған.

 

Мәдина Қаби