Sailau banner

Қоғам

Биыл қалада бұрын-соңды жөндеу көрмеген 39 көшеге асфальт төселеді

Соңғы жылдары облыс орталығында көлік көбейе түскен. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, оларды тұрғызуға түрлі ауыр техникалар жұмылдырылуда. Бұның бәрі жолдың бір шетінен пайда болған ойықтарды ұлғайта түседі. Сондықтан да жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, сапалы түрде ондалуы тиіс. Биыл қаламыздағы 53 көшеге асфальт төселмек.

НИНА УСЕНКО, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бұрын-соңды жөндеу көрмеген 39 көше оңдалады. 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 47 нысанда жұмыстар басталды. Оның 15-сі толығымен асфальтталды. Қазіргі таңда Пушкин, Жамбыл көшелерінде және Жұмысшы кентінде ауқымды іс атқарылып жатыр. Сонымен қатар Сүтішев және Астана көшелерінде тротуар мен жиектастар орнатылады.

Көше жөнделуін жөнделеді. Бірақ, оның қанша жылға шыдас беретіні белгісіз. Салынған жолдар талапқа сай келе ме? Оны “Жол активтері сапасы” ұлттық орталығы филиалының қызметкерлері тексереді дейді қалалық әкімдік өкілдері.

НИНА УСЕНКО, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Барлық іс аяқталғаннан кейін тексеріс жүргізіледі. Сынама тереңінен зертханада тексеріледі. Нәтиже 1 апта ішінде белгілі болады. Тиісті талаптарға сәйкес кемшіліктер орын алса, мердігер барлығын өз қаражатына қайта қалыпқа келтіреді.

Жол жөндеу жұмыстары мамыр айының басында басталған болатын. Барлық іс жайма-шуақ ауа райы сақталғанша дейін жүргізіле бермек.

 

Нұрасыл Ахмет