Sailau banner

Қоғам

6 күнде 300-ден астам бұзушылық анықталды

Өңірде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жүргізушілердің жұмыс режимін сақтауды бақылауға бағытталған акция 6 күнге созылды. Осы уақыт ішінде 300-ден астам түрлі бұзушылық анықталды. Жекелей тоқталсақ, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың – 52, маневр жасау ережелерін бұзудың – 32, жылдамдықты арттырудың 26 фактісі тіркелді. Ал 19 жүргізуші көліктерін техникалық тексерусіз пайдаланған. Қоғамдық көлік тізгіндеген жандар тарапынан да бірсыпыра жайт анықталды. Мысалы, 26 шілде күні Петропавл сыртындағы айналма жолда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала ішінде қатынайтын автобусты тоқтатты. Оның 57 жастағы жүргізушісі күннің жарығынан қорғану үшін көліктің алдыңғы терезесін қараңғылатып, пленка жабыстырған, бұл өрескел бұзушылық болып табылады. Бұзушылықты жүргізуші сол жерде жойды. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Байболат Құлтанов