Қоғам

Жастарды жұмыспен қамту – Президент тапсырмасы

Ескерер жайт, бұл күні еліміздің барлық өңірінде екі қолға бір күрек іздеген жандар үшін жәрмеңке өтті. Маңызды бастама «AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы аясында қолға алынған. Астанадағы шараға Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Ол жастармен және қызмет ұсынушы ұйым өкілдерімен әңгімелесті. Төраға Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында 2029 жылға дейін кемінде 2,3 млн қыз бен жігітті жұмысқа орналастыру міндетін қойғанын атап өтті.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, «AMANAT» партиясының төрағасы:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының еліміздегі алар орнын ескере отырып, оларға ерекше құрмет көрсетілуі керегін атап өтті. Колледждер мен жоғары оқу орындарын кеше ғана тәмамдаған еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ жастар үшін жаңа жұмысқа орналасу оңай емес. Мемлекеттің, қоғамның, бизнестің міндеті – бұл процесті жеңілдету, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. Осылайша, әрбір түлек еңбек нарығында өз орнын тауып, елдің дамуына мейлінше тез үлес қоса бастайды.

«Жастарға жұмыс» жобасы 2023 жылдың қаңтар айында бастау алды. Осы уақыт ішінде Қазақстан бойынша 200 астам жәрмеңке өтті. Оған 160 мыңнан астам адам қатысып, 30 мыңы жұмысқа орналасуға жолдама иеленді. Ал 30 мыңға жуық жас маман кәсіпкерлікті дамыту үшін 2,5% жеңілдікпен несиелеу бойынша кеңес алды.

 

Байболат Құлтанов