Денсаулық сақтау

Медұйымдар мүгедектікті анықтау үшін 100-ден астам азаматты тиісті сараптамаға жібермеген

Облыс прокурорлары азаматтардың құқықтарын қорғады. Денсаулық сақтау саласында жүргізілген талдау нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққан азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылуы анықталды. Медициналық ұйымдар мүгедектікті анықтау үшін осы санаттағы 100-ден астам азаматты медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Қадағалау органының актісі бойынша азаматтарға мүгедектік белгіленді, бұл оларға әлеуметтік қолдаудың барлық құқықтарын пайдалануға және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. Бұзушылықтар үшін 2 лауазымды тұлға заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

 

Данаш Хамза