Денсаулық сақтау

Жатыр мойны обыры жастар арасында жиі кездесуде – онкологтар

Өңірде 500-ден астам әйел жатыр мойны диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Бұл патология көбіне 35 пен 53 жасқа дейінгі әйелдер арасында жиі кездеседі. Алайда, дерт соңғы уақытта жасарып бара жатқан көрінеді. Қазір
25-тен асқан қыз-келіншектерден анықталып жатыр екен. Жатыр мойнының ісігі – білінбестен ондаған жыл бойы дами алатын ауру. Сондықтан, оны ерте анықтау маңызды. Емі де нәтижелі болады дейді дәрігерлер. Мәселе, бүгін ресейлік мамандармен өткен кездесуде талқыланды.

ОЛЕГ ДУДЯК, облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығының директоры:

– Семинардың тақырыбы – «Өкпенің ұсақ жасушалы емес ісігі: терапияның заманауи тәсілдері» және «Онкологиядағы иммунотерапия: эндометрия обыры, жатыр мойны обыры». Ресейлік онкологтар онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдері жайында баяндайды.

Ресейлік мамандар солтүстікқазақстандық ақхалаттыларға соңғы үлгідегі жабдықтар мен ем-дом шараларындағы жаңа технологиялар жайлы айтып, лазерлік жабдықтар мен дәрілерді өзгертуге ұсыныс білдірді.

 

Мәдина Қаби