Қоғам

Петропавлда толассыз жауған жаңбырдың кесірінен 53 баспананы су басқан

Толассыз жауған жаңбыр өз кесірін тигізбей қоймады. Жауын-шашыннан қала көшелерін ғана емес, тұрғын үйлерді де су басты. Зардап шеккен баспанаға барып көрдік. Үй иесі Любовь Чужовскаяның сөзінше, бір айдың ішінде баспанасына осымен 2-ші рет су кіріпті.

ЛЮБОВЬ ЧУЖОВСКАЯ, үй иесі:

– Үйде 2003 жылдан бері тұрамын. Жаңбыр жауса болды баспанама су кіреді. Себебі, жақын жерде суағар бар. Ол жаңбыр жауған сайын толып қала береді. Тасыған су менің үйіме қарай ағады. Жинаған дүние-мүлкімді шығарып та үлгермедім. Ешкімім жоқ. Үйімнің ішіндегі тұрмыстық техникалар істемей қалды. Не істерімді білмей отырмын.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хабралсып көрдік. Баспасөз хатшысы Нина Усенконың айтуынша қалада су сору жұмыстары жүріп жатыр. Жоғарыда айтылған баспана жайлы да сұрадық. Тұрғын үйге су кіруінің себебі – баспананың төмен орналасуында.

НИНА УСЕНКО, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Су сору жұмыстарына 5 бригада, 65 адам, 40 техника жұмылдырылды. Бір аптаның ішінде бізге 53 қоңырау келіп түсті. 30-дан астам баспанаға барып көмек көрсеттік. Қазір таңда қызметкерлеріміз тыңбай енбек етуде.

Айта кету керек, білікті мамандар тек үйге кірген суды сорып қана қоймай, қалыпқа келтіру жұмыстарын да жүргізуде.