Ауыл шаруашылығы

Өңірде мал азығын әзірлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Өңірде биыл 312 мың бас ірі қара, 400 мыңнан астам ұсақ мал, 150 мың жылқы қысқа қалады деп шамаланып отыр. Тиісінше, оларға азық дайындалуы тиіс. Осы іспен теріскейлік шаруалар белсенді түрде айналысуда. Облыста ауылшаруашылық жануарлардың азықтық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 379 мың гектар алқапқа жемдік жақылдар егілген. Оның 135 мың гектарын біржылдық шөп, 16 мыңнан астамын көпжылдық шөп алып жатыр. Қалғанын сүрлемдік дақылдар қамтыған. Бүгінде жоспардың 59 пайызы орындалған. Жұмыс қарқынына толассыз жауып жатқан жаңбыр да өз әсерін тигізуі мүмкін.