Құқық қорғау органдары

“Автобус” жедел-алдын алу шарасы

– Другой страховки нету? – Нету…

Облыста 6 айдың ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын көліктердің қатысуымен 4 жол-көлік апаты болған. Салдарынан 5 адам жарақат алған. Қазір полиция қызметкерлері “Автобус” атты жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Мақсат – жол апатының алдын алу, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Өткізіліп жатқан іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жол жүрісі қағидаларының 65 бұзушылығы анықталды, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін – 13, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 8, техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарғаны үшін 7 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдаумен айналысудың бір фактісі анықталды.

Рейдтік іс-шараға экологтар да қатысып жатыр. Олар газ анализаторының көмегімен автобустан шығатын ластаушы заттың көлемін өлшейді.

 

Данаш Хамза