Қоғам

Апта соңына дейін жаңбыр жауады

Өңірде жаңбыр толастар емес. Шілденің басынан бері 104,5 мм жаңбыр жауған. Норма 56 мен 81 мм шамасында болуы керек екен. Мұндай ауа райы апта соңына дейін сақталады дейді синоптиктер. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні секундына 15-20, кей күндері тіпті 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндізгі ауа температурасы +20-25 градус шамасында болады.