Қоғам

Жарты ғасырлық тарихы бар кітапхана жөнделіп жатыр

Бұл – Кішкенекөл ауылындағы орталық кітапхана. Оған бүкіл аудан бойынша осындай 18 мекеме қарайды. Нысанның жарты ғасырлық тарихы бар. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Кітапханада 45 мыңға жуық кітап болса, соның барлығы уақытша аудандық Мәдениет үйіне көшірілген.

КҮЛӘШ ЕГІНБАЕВА, Уәлиханов ауданы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

– Бұндай ауқымды жөндеу жұмысы көптен бері жүргізілген жоқ. Мердігер төбені, қабырғалар мен еденді жаңалады. Енді бір қабырғаны дұрыстау ғана қалды. Сосын терезелердің әйнегін ауыстырады. Алдағы уақытта жаңғыртылған әрі жылы жерде жұмыс істейтін боламыз. Бұл жұмысымыздың сапасының артуына да ықпал етеді.

Жұмысқа жауапты – павлодарлық мердігер. Күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 365 млн теңге бөлінген.
Іске наурыздың соңында кірісіп, бүгінге дейін 85 пайызын тындырған. Жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Айдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

АСЫЛХАН СЕТЖАНОВ, учаске басшысы:

– Жөндеу жұмысына 12 адам жұмылдырылды. Жоба негізі 2 жылға арналған. Яғни, биыл үлгермей қалсақ, келесі жылы да жалғастыра аламыз. Жұмыс қарқыны қызу, сол себепті, көпке созбай, осы шілде айында аяқтаймыз ба деп отырмыз.

Жалпы, орталық кітаханада 7 адам қызмет етеді. Кадр бойынша мәселе жоқ.