Құқық қорғау органдары

Тіркелмеген қаруды полицейлерге тапсыру қажет

Үйде тіркелмеген атыс қаруы болса, ерікті түрде тәртіп сақшыларына тапсыру қажет. Осылай деген полиция қызметкерлері отбасы мүшелерінің, әсіресе, кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы шара өткізіп жатыр. Облыста жыл басынан бері заңсыз айналымнан тіркелмеген 60-тан астам қару тәркіленген. Барлығы бойынша процестік шешім қабылданыпты. Тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еске сала кетейік,
өңірде биыл тіркелмеген атыс қаруын қолдану арқылы бірде-бір қылмыс болмаған.

ҚҰРМАН МУСИН, СҚО ПД ӘПБ аға инспекторы:

– Өңір тұрғындарын тіркелмеген қаруларын ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Ол үшін жақын деген полиция бөлімшесіне бару керек. Заңға сәйкес, полицияға қаруды ерікті түрде тапсырған адамдар белгілі бір тексерулер жүргізілгеннен кейін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

 

Данаш Хамза