Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” шарасы

Полицейлер мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары екі күн бойы азаматтарды қабылдап, тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді. Шара «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Шараны пайдаланып аудан тұрғыны
әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтан белгілі бір құжатына өзгеріз енгізу жөнінде кеңес алды. Полицейлер азаматқа жедел қызмет көрсетіп, іс-әрекет жоспарын түсіндірді. Екі күнде мамандарға 30-дан астам адам жүгінген.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД ӘПБ бастығы:

– Қырыққа жақын сұрақ келіп түсті. Дені жүргізушілікке оқу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, көлікті ресімдеу, сатып алу-сату шартын жасауға қатысты болды. Құжаттарды нотариусқа жүгінбей-ақ ресімдеуге болатынын түсіндірдік. Азаматтар сатып алу-сату шарттарын екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы тіркей алады.

АРМАН ЖАМҰҚОВ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары:

– Барлық сұраққа нақты әрі толық жауап беруге тырыстық. Сұрақтарын қойып үлгермеген азаматтар 32-00-19, 32-00-22 нөміріне хабарласып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя алады. Сондай-ақ, азаматтарға әлеуметтік желіде жоспарланған тікелей эфирлерге қосылуларына болады.

«Жолда қабылдау» жалғасын табады. Келесі кезең тамыздың ортасында ұйымдастырылады.

 

Данаш Хамза