Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр болды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Ол бірнеше жерде ат аялдатты. Алдымен Үкімет басшысы өкілі “Бірлік” шағын ауданына барып, құрылыс барысымен танысты.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

– Мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. 70 мыңнан астам шаршы метр абаттандырылады. Сонымен қатар, бұл аумақта балалар мен спорт алаңдарын салу бойынша бастамалар аяқталды. Әлі де бастау алатын жобаларымыз бар.

“Бірлік” шағын ауданындағы 400 баспананы астаналық “Шар-Құрылыс” өндірістік-құрылыс холдингі жобалаған. Компанияның “GLB” атты жеке комбинаты бар. Елордалық кәсіпорын мемлекеттік бағдарламалардан қалыс қалмайды. Әрдайым белсенділік танытады.

ЖАННА БЕКТЕМІРОВА, “Шар-Құрылыс” компаниясының өкілі, Астана қаласы:

– Біз жобаны 7 күн ішінде әзірледік. Маусымның 5-і күні осында алғашқы үйлер жеткізілді. Бірден іске кірістік. Бүгінде 53 баспана бой көтерді. Панель 3 қабаты. Бұл – соңғы инновациялық технологиялар бойынша әзірленген өнім. Жылы, сырты қапталған. Қазір зауытта тәулігіне 4 үй шығарылып жатыр. Құрылыс алаңында бір нысан 5 сағаттың ішінде жиналады. Өйткені, бәрі дайын. Кәсіпорында электр сымдарына дейін тартылады. Біздің міндет – тек жинау.

Одан кейін Роман Скляр “Орман” шағын ауданындағы 600 орындық жайлы мектепке бас сұқты. Білім ошағы ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінде тапсырылмақ.

ҒАБИТ МАЛҒАЗДАРОВ, “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Астана қаласы:

– Сейчас ведутся внутренние отделочные работы, фасадные работы, кровельные работы. Начаты работы по благоустройству пришкольной территории, строительству спортивной площадки.

Петропавл 2-ЖЭО-да жұмыс қызу. Мұнда мұржаның төменгі бөлігі тұрғызылды. 1-ші тамыздан бастап жоғарғы жағы бой көтермек. Сонымен қатар, қуат ошағында №2 қазандық жаңғыртудан өтуде, тағы екеуі күрделі жөндеу көруде. Осындай ауқымды іске 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

ПАВЕЛ ДЕДОВ, Петропавл 2-ЖЭО ауысым басшысы:

– По котельному цеху у нас в работе 5 котлоагрегатов, 5 котлоагрегатов в резерве. 1 в плановом ремонте, 1 – на реконструкции. По турбинному цеху у нас 1 турбина в плановом ремонте, остальные все в работе. По электроцеху, по линиям 220, 110, 35 кВ схема фиксированная. В ремонте линий нет.

Су басқан аудандарда механикаландырылған жасақтар жұмыстарын жалғастыруда. Роман Скляр Былғары зауытында болып, қалпына келтіріліп жатқан үйдің иесімен кездесті.

Бүгінде Есіл өзені бойындағы бірінші көтергіш сорғы станциясы жөнделіп жатыр. Жұмыс өткен айда басталды, қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Маңызды іске болжам бойынша 3,5 млрд теңге бағытталады.

 

Байболат Құлтанов