Білім

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу бастау алды

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Науқан 10 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Aikyn.kz бейінді министрліктің баспасөз қызметіне сілтей отырып хабарлады. Биыл магистратураға 42 мыңға жуық өтініш қабылданған. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары: “Педагогикалық ғылымдар”, “Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары” және “Бизнес, басқару және құқық”. Биыл бейінді магистратураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Осы ретте үміткерлер “Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест” бөлімінен босатылып отыр. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әр бейінді пән бойынша кемінде 7 балл болуы керек. Магистратурада оқуға 2024 жылы 13 мыңға жуық грант бөлінген. Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді.

 

Данаш Хамза