Қоғам

6 айда көші-қон заңнамасын бұзған 200-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды

Жамбыл ауданында құрылыста заңсыз жұмыс істеп жүрген бес бірдей Өзбекстан азаматы анықталды. Бесеуі де сот шешімімен ел аумағынан шығарылды, ал оларға жұмыс берген адам жауапкершілікке тартылды. Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша облыста 6 ай ішінде тиісті заңнаманы бұзған 200-ден астам шетелдік пен 40-қа жуық жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Өңірде жыл басынан бері тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін 5 жарым мыңға тарта азаматқа да жаза қолданылған. Ел аумағынан 57 шетелдік шығарылды.