Қоғам

Жаңа көлікті автосалонда тіркеуге болады

Автосалоннан жаңа көлік сатып алған жағдайда оны тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО-на барудың қажеті жоқ.
Су жаңа темір тұлпарды бірден сол жерде, яғни автосалонның өзінде тіркеп, мемлекеттік нөмірін таңдап, техникалық паспортын да рәсімдеуге болады. Құжаттарды мемлекеттік корпорация қызметкері қабылдайды. Пилоттық жоба қаладағы автосалондардың бірінде іске қосылды. Бұл азаматтардың уақытын үнемдеуге ықпал етеді дейді мамандар. Жалпы, Петропавлдағы мамандандырылған ХҚКО-да жыл басынан бері 1800-ден астам көлік тіркелген.

 

Данаш Хамза