Sailau banner

Қоғам

Зауытта еңбек еткен өнерпаздың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Азаматша есімі – адамзат есінде. Бүгін Киров атындағы машина жасау зауытында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мариэтта Ворожбитованың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Жерлесіміз өңірдегі өнер саласының дамуына зор үлес қосқан. Іс-шараның бұл жерде өтуі тегіннен-тегін емес. Нәзікжанды өмірінің соңғы жылдарына дейін осы өндіріс ошағы қабырғасында құрылған “Арай” хореографиялық би ансамбліннің директоры болып қызмет атқарған.

САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, облыстық халық шығармашылығы мәдени-бос уақыт қызметі орталығы басшысының орынбасары:

– Мариэтта Ворожбитова осы зауытта 1972 жылдан бастап қызмет еткен болатын. Бұл кісі – бірнеше би туындыларының авторы. Шәкірттері де өте көп.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына нәзікжандының туған-туыстары, жолдастары және бұрынғы әріптестері қатысты. Мариэтта Николаевна 1938 жылы Ресейдің Владивосток қаласында дүниеге келіпті. Жерлесіміз кішкентай кезінен би өнеріне қатты қызыққан. Өнерпаз болып та, ұстаздық етіп те біршама жетістікке жеткен.

ВЛАДИСЛАВ ОЛЕНЧУК, “Доминант” халықтық би студиясының жетекшісі:

– Мариэтта Николаевнаның қарамағында 35 жылдай еңбек еттім. Ол кісі жайлы тек жақсы естеліктер есімде қалды. Нәзікжанды зор жетістіктерге жетті. Жастар үшін көп еңбек етті. Сондықтан, осындай адамдардан үлгі алуымыз керек. Ұстазымыздың есімі еш ұмытылмайды.

Мариэтта Ворожбитова көзі тірі болса биыл 86 жасқа толушы еді.