Құқық қорғау органдары

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу шарасы

– По статье 442 часть 2: Нахождение несовершеннолетнего лица вне жилища без сопровождения законных представителей.

Түн ортасына жақын рейдтік топ орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісінде, сондай-ақ, жақын маңдағы аумақта бірқатар тексеру жүргізді. Нәтижесінде стационарлық полиция пунктіне бір сағаттан аз уақыт ішінде сағат 23.00-ден кейін көшеде заңды өкілдерінсіз жүрген бес жасөспірім жеткізілді. Балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, әке-шешелеріне ескерту берілді. Құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда ата-аналарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.

АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА, СҚО ПД ЖПҚБ басқармасының инспекторы:

– “Түнгі қаладағы балалар” республикалық профилактикалық іс-шарасының аясында полиция қызметкерлері облыстық мәслихат депутаттарымен бірлесіп кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз болуын анықтау бойынша рейдтік іс-шарасын өткізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандар полицияның стационарлық бекетіне жеткізіліп, ата-аналары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодексінің 442-ші бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейд аясында екі күнде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін 68 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті түрде атқармаған 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілік арқалады.

 

Данаш Хамза