Sailau banner

Қоғам

Тасқыннан зардап шеккен нәзікжанды үш бөлмелі үйге ие болды

Лидия Ефимова бұл үйге отбасымен жақында ғана көшіп келді. Бөкетов көшесінен бұйырған баспана
жаңа қожайынға ұнады. Тасқынға дейін 90 шаршы метрлік жер үйде тұрса, енді тасқыннан кейін үш бөлмелі пәтерде өмір кешеді. Мұнда нәзікжандының өзі, 3 жасар ұлы мен ата-анасы тұрады.

ЛИДИЯ ЕФИМОВА, үй иесі:

– Жанымызда мектеп бар екен, балама жақсы болды. Ұлымды осы мектепке беремін. Үй орталықта орналасқандықтан адамға қажет деген игіліктер жақын тұр. Дүкендер де, саябақ та осында. Ойқалада тұрғанда орталыққа келе бермеуші едік. Енді жиі серуендейтін болдық.

Сонымен, үйдің іші кең, орналасқан жері ыңғайлы. Үйдің өзінде керек-жарақтың барлығы бар. Бұрынғы үй иесі бұрын қолданған бүкіл дүниесін қалдырып кетіпті. Өмір бойы жер үйде тұрған отбасы қазір пәтерге үйренісіп жатыр.

ЛИДИЯ ЕФИМОВА, үй иесі:

– Біз жер үйде тұрғымыз-ақ келеді. Бірақ, ата-анамның денсаулығы жарамайды. Сол себепті, жаңа баспана ұсынғанда көпқабатты үйді таңдадық. Осы орайда қиын кезде бізді қолдаған, көмегін аямаған үкіметке, әкімдікке алғысымды білдіремін. Тасқыннан зардап шеккен басқа да тұрғындардың біз сияқты баспаналы болуларына тілектеспін.

Тасқын кезінде көппен бірге Ефимовтер де уақытында гуманитарлық көмек алған. “Халықтың арқасында далада қалған жоқпыз”,- дейді Лидия.

 

Мәдина Қаби