Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатында чемпион атанды

Солтүстікқазақстандық қос полицей жуырда Астана қаласында MMA Free Fighting бойынша өткен әлем чемпионатынан алтын медаль жеңіп алды. Полиция майоры Ибрагим Беков пен аға лейтенант Айдархан Қайруллин чемпион атанса, полиция капитаны Абылайхан Өмірзақ қола медальға қол жеткізді.
Төрт күндік чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен мың жарым спортшы қатысыпты. Ибрагим Беков пен Айдархан Қайруллин 71 мен 77 келіге дейінгі салмақта, ал Абылайхан Өмірзақ 84 келі және одан жоғары салмақта күш сынастырды.

 

Данаш Хамза