Пластик ыдыстар, пакеттер, қаңылтыр мен шыныдан жасалған құтылар. Бұл – қоршаған ортаға көп зиян тигізетін қоқыс түрлері. Сенбі күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында кезекті сенбілік өтті.
ЕЛЕНА КИМ, СҚО экология департаментінің бөлім басшысы:
– Біз қаламыздың таза, әдемі болғанын қалаймыз. Сондықтан, апта сайын сенбіліктерге шығып тұрамыз. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып біршама аумақты күл-қоқыстан тазартамыз. Барлық қала тұрғындарын аталмыш акцияны қолдауға шақырамын. Ал демалатын тұрғындарға өздеріңізден кейін барлық затты жинап кетуді сұраймын.
Атылмыш іс-шараға экологтардан басқа, балық инспекциясы өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және қоғам белсенділері қатысуда. Бүгін мамандар Пестрое көлінің маңын тазалауда. Себебі, бұл жерге тұрғындар демалуға көп келеді. Тиісінше, арттарынан қаншама қоқыс тастап кетеді. Игі істен қала тұрғындары да қалыс қалмады. Соның бірі – Виктория Кравец.
ВИКТОРИЯ КРАВЕЦ, қала тұрғыны:
– Мен негізі итіммен бірге серуендеп жүргенмін. Жұмыс істеп жатқан адамдарды көріп, жай өтіп кете алмадым. Себебі, өзім тұратын қаланың таза болуы мен үшін маңызды. Әсем, көркем орындарда қыдырған жақсы емес пе? Сол себепті, сенбіліктерге жиі қатысамын.
“Таза Қазақстан” акциясы әр апта сайын өтеді. Игі іске осы күнге дейін 2 мыңға жуық адам қатысқан. Тазалық жұмыстары аясында 42 тонна қоқыс жиналып, 150 ағаш отырғызылды.