Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Қазақстан Конституциясы көшесін аралады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы көшесін аралады. Қыз-қыз қайнаған, таңдай қақтырған көше мереке күндері одан әрі жандана түсті. Мұнда қылқалам шеберлерінің суреттері мен ұлттық киімдер көпшілік назарына ұсынылды. Колөнершілер өз туындыларын саудаға да шығарды. Одан қалды, жер-жерде ән шырқалып, фотоалаңдар қанат жайды.

Мөлдір Ертерек 12 жаста. Жас шебер 5 жылдан бері ұлттық сәндік-қолданбалы өнермен айналысады.

Аймақ басшысы барған келесі нысан – «Қызылжар» арт-орталығы. Мұнда да Қала күнін мерекелеуге қызу дайындық жүргізілді.

Арт-орталық – өнер мекені. Бұл жерде Ақан сері атындағы облыстық филармонияның қазақ халық аспаптары оркестрі құлақтың құрышын қандырды, өлеңдер оқылды және қылқалам шебері Александр Листопаднийдің суреттерін тамашалауға мүмкіндік туды.

АЛЕКСАНДР ЛИСТОПАДНИЙ, суретші:

– Такие красивые они какой-то аромат источают. Вот смотришь на эти картины и хочется чтобы они существовали долго.

Сонымен қатар, Ғауез Нұрмұхамбетов 3-ші емхана алаңы мен Бірлік шағын ауданында өткен «Арман қала» және «Шуақты қала» атты концерттік бағдарламаларды да тамашалады.

 

Байболат Құлтанов