Мәдениет

Думанға бөленген шырайлы шаһар

Қала күнін мерекелеу аясында “Солтүстік жұлдызы” саябағының аумағында бояулар фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға танымал диджейлер мен Domino тобы қатысты. Әдеттегідей көтеріңкі көңіл-күй. Жоспарланғанның барлығы қала тұрғындарының көңілінен шықты, жиналғандар ерекше сезімге бөленді.

УЛЬЯНА МАРТЫНОВА, қала тұрғыны:

– Керемет, жарқын шара өтіп жатыр. Жылдың басты оқиғаларының бірі деп те айтуға болады. Барша Петропавл тұрғындарын бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Мұнда достарыммен келдім, бұл – сіз бен біз демалуға болатын өте тамаша шара. Осындай шаттық әрдайым болсын!

АРТЕМ ЧЕКУНОВ, қала тұрғыны:

– Достарыммен келіп отырмын, бәрі тамаша өтіп жатыр. Өзіме ұнады. Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын!

Ал кешкілік орталық алаң халыққа лық толды. Бұл жерде «Экспромт» би театрының және өзге де жергілікті өнерпаздардың қатысуымен тағы бір шара ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, солтүстікқазақстандықтарды құттықтауға қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Гүлмира Ізбасханова мен Артур Давлетьяров келді.

АРТУР ДАВЛЕТЬЯРОВ, әнші:

– Мереке құтты болсын, қала күні құтты болсын! Шаһардың бақ-берекесі арта берсін. Мұндай іс-шараның бірнешеуіне қатыстым. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Петропавлдың алға басқанын естіп-көріп жүрміз. Осы жолдан тайынбасын, тұрғындарға амандық тілеймін, жақсы күндерде жолығайық!

«Экспромт» би театры әдеттегідей кештің сәнін келтірді. Көрермендер қуат алып, серпіліп қалды.

ЯНА ФЕДОРЕНКО, «Экспромт» би театрының мүшесі:

– Сахнаға 2 мәрте шағып, жиналған жұртшылыққа өз өнерімізді паш еттік. Қала күні құтты болсын! Біздің қала шынымен де ғажайып шаһар және дамып келеді. Петропавл өсіп-өркендей берсін дегім келеді.

Бірнеше күндік «Qyzyljar Music Fest» фестивалі жыл сайын өткізіледі. Шаһардың басты алаңында өткен гала-концерт дүбірлі думанның шымылдығын жапты. Жарқын шара жұртшылықты байланыстырды, құттықтаулар мен тілектер жан-жақтан айтылды.

– Поздравляю свой любимый город Петропавловск с праздником. Желаю процветания и счастливых жителей.

– С праздником, с днем города. Очень прекрасно организовали, вот уже три дня идет этот праздник. Людям весело. Пусть уйдут все беды, счастья всем, здоровья, любви, благополучия. Всего прекрасного.

 

Байболат Құлтанов