Қоғам

Су жағасындағы рейд

– В отношении Вас будет составлен протокол без штрафа, то есть – предупреждение; в первый раз в отношении Вас – предупреждение выносится. Если еще раз будете купаться, то в отношении Вас по части 2 будет выноситься штраф.

Яғни, тыйым салынған жерде суға түсуге болмайды. Өйткені, соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Бұған – өңірде шомылу маусымы басталғалы тіркелген статистика дәлел.

– Пивасик. Когда-то же надо расслабиться…

Учаскелік полиция инспекторлары құтқарушылармен бірге су жағасында рейд жүргізіп жатыр. Есілді аралайды, Пестроеға барады, белгіленбеген шомылу орындарын да қарайды.

ЖАЛҒАС ӘБІШ, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторы:

– Осы жерде суға түсетін азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодексінің 364 1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзушылықты бірінші рет жасағандықтан ескерту, қайта жасалған жағдайда әкімшілік айыппұл салу көзделген.

Басты назарда – кәмелетке толмағандар. Өйткені, жазғы уақытта әдетте ата-аналары жұмыста болғандықтан қараусыз жүретін жасөспірімдер аз емес. Рейд барысында мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ата-аналарға жауапкершіліктері жайлы қаперге салды. Бұл жұмыс жаздың соңына дейін жалғасады.

 

Данаш Хамза