Құқық қорғау органдары

Көлік құралын мас күйде басқарған 58 жастағы ер адам ұсталды

Сәрсенбі 58 жастағы петропавлдық үшін сәтсіз болды. Мотоблокқа ішкен күйі отырған ер адам Побелянский көшесінде полицейлердің қолына түседі. Жұмысшы кентінің тұрғыны мас қана емес, көлік құралын жүргізуге құқығы да жоқ екен. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Яғни, 20 тәулік қамауға алу жазасы қарастырылған. Жолда осылай мас күйде жүйткіп жүргендер көп. “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында рөлге ішіп алып отырған 16 адам ұсталған.

– У нас проводится рейдовое мероприятие в рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасная дорога». Можно документы для проверки? – Да, конечно.

АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:

– Өткізілген іс-шараның 2 күнінде 574 ЖҚЕ бұзушылық анықталды: оның ішінде – белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 160 фактісі, бұрын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші, 16 мас жүргізуші, сондай-ақ, жолаушылар мен багажды заңсыз тасымалдаумен айналысудың екі фактісі ұсталды. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін сақтауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қажетті арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ, көлік құралдарын басқару кезінде барынша ұқыпты болуға шақырады.

Жолда жаяу жүргіншілер де ереже бұзады. 2 күнде көшені белгіленбеген жерден өтуге қатысты 80-нен астам факті анықталған. Осы орайда өңір жолдарындағы статистикаға тоқтала кетейік, алты айда 170-тен аса оқиға тіркеліп, салдарынан 16 адам қаза тапқан, 250-ге жуық адам жарақат алған.

 

Данаш Хамза