МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлерді толғандырған түйткіл талқыланды

Импортталатын өнімді міндетті сертификаттау, кедендік тазарту, қолданыста болған ауылшаруашылық техникасын енгізу. Кәсіпкерлер палатасында көліктік прокуратура өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында бизнес өкілдері мамандарға мазалап жүрген сұрақтарын қойды. «КАМЕТЕХ» серіктестігінің директоры Руслан Хасеновтың айтуынша, Қазақстандағы міндетті сертификаттау рәсімі кедендік тазарту процесін кешеуілдетеді және қосымша шығынды талап етеді. Ал тиімділігі көп жағдайда көзге көрінбейді дейді. Жиынға қатысқан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау жетекшісінің міндетін атқарушы Сергей Чесенко да қатысты. Ол тауарды міндетті сертификаттау рәсімі азаматтар мен көлік құралының қауіпсіздігі үшін қажеттігін айтты. Аталған рәсім кедендік заңнамада қарастырылған. Жиына осы және өзге де мәселелер көтерілді. Сала мамандарына сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

 

Данаш Хамза