Қоғам

Сенатор Нұртөре Жүсіп кітапханашылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді

Жуырда Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкімет басшысына кітапханашылардың жалақысына қатысты депутаттық сауал жолдады. Халық қалаулысы Қазақстандағы қатардағы кітапханашылардың орташа жалақысы 125 мың теңгені құрайтынын және бұл білікті кадрлардың осы саладан кетуіне әкелетінін атап өтті. “Қазіргі уақытта кітапхана саласын дамыту үшін қажетті заңнамалық база жоқ”,- деді. Депутат жалпы кітапхана саласындағы түйткілді мәселелерді шешуде өз ұсынысын да білдірді.

НҰРТӨРЕ ЖҮСІП, Сенат депутаты:

– Кітапхана саласын жаңғырту, кітапханаларға қатысты мемлекеттің жауапкершілігі мен міндеттерін айқындау үшін «Кітапхана ісі» туралы жеке заң қабылдау қажет. Білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін кітапханашылардың жалақысын мемлекеттік деңгейде көтеру керек. Өңірлік кітапханалар қорларын толыққанды және уақытылы толықтыру үшін Кітапханалық бірыңғай орталық құру керек.

 

Данаш Хамза