Білім

Елімізде ұлттық кітап күні аталып өтеді

Бұл – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. Білім ошағының мыңға жуық оқырманы бар. Бір күнде кітап іздеп 300-ге жуық бала келеді екен.

ДАМИРА ЖҮСІПОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі:

– Біздің кітапханаға 2 жастан бастап бүлдіршіндер келеді. Олардың қызығып оқитын кітаптары – ертегі. Ал ересектер әр түрлі жанрдағы кітаптарды алады.

Облыстық балалар кітапханасында 5 бөлім бар. Әрқайсысында 4 адамнан еңбек етеді. Кадр жеткілікті. Кітапхана қорында 200 мыңнан астам кітап бар. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінде жазылған оқулық іздеп келетіндері көп екен. “Бұл – құптарлық жайт”,- дейді мамандар.

ДАМИРА ЖҮСІПОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі:

– Таң қалатынымыз – біздің бөлімге орыс балалары келіп, қазақша кітаптарды сұрайды. Біз олардан не себепті қазақшасын аласыңдар дегенде «Тілімізді жаттықтырғымыз» келеді деп жауап береді.

Елімізде кітапханашылар мен қалың оқырман қауым 23-ші сәуірде Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Жаңа мереке үкімет қаулысымен бекітілді. Қаулы шілденің 16-сында қолданысқа енгізіледі. “Кітапханашылар жаңа айтулы датаның пайда болуы кітапқа деген құрмет пен балалардың кітап оқуға деген құлшынысын арттырады”,- дейді.

ДАМИРА ЖҮСІПОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі:

– Менің ойымша, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау.

Жаңа мереке жайлы тұрғындардың пікірін білдік.

– Әрине, Ұлттық кітап күні керек. Жастарды кітап оқуға бағыттап, баулу қажет. Әйтпесе, интернеттен келіп жатқан пайдасыз ақпарат көп. Ал оның шын-өтірігін кім ажыратады?!

– Менің ойымша, мұндай мерекенің жастар үшін маңызы зор. Себебі, қазір кітаптың орнын интернет басқан сияқты. Ал интернет оларға кітап беретін білімді бере алмайды.

 

Мәдина Қаби