ТЖ

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты

Бүгін Петропавлда Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. 5-ші қабаттағы пәтерден қара түтін будақтап жатқаны туралы хабар 101 нөміріне түс кезінде келіп түскен. Оқиға орнына 12 техника мен жеке құрамнан 40-тан астам маман келіп жетеді. Оттың шығу себебі анықталды: үй иесі пісірген тамағын жағулы тұрған газ пешінде қалдырып кеткен. Абырой болғанда, бәрі уақытында сөндірілді, от ешқайда тараған жоқ.