Құқық қорғау органдары

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы 1 млн теңге парамен ұсталды

СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов жұмыс кабинетінде пара алу барысында ұсталды. Тамақтандыру мәселесіне ықпал ету үшін ол есімі белгісіз әйелден 1 млн теңге көлемінде пара алып жатқан көрінеді. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Бұл мәліметті жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.